Қарағанды облысында волонтерлікті қолдау мен дамытуға арналған гранттардың жеңімпаздары анықталды

Теміртаудағы волонтерлердің облыстық форумы айналасындағы әлемді жақсартуға ұмтылғандарды біріктірді. Өңір әкімінің үздік волонтерлік жобаларды қолдауға арналған гранттарын, сертификаттар мен алғыс хаттарды ең белсенді еріктілер алды. Қарағанды облысында барлығы 73 еріктілер ұйымдары мен топтары жұмыс істейді деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
- Еріктілер - өз елінің тағдырына мән беретін бірегей адамдар. Біздің өңірдің еріктілер қозғалысы өз бағыты бар үлкен қоғамдық күшке айналуда. Өңірде облыстың 4,5 мың тұрғынынан тұратын 73 волонтерлік ұйым мен топтар бар, басым көпшілігі негізінен жастар болып табылады. Олар 40 мыңға жуық көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге және халықтың басқа да ерекше мұқтаж санаттарына көмек көрсету бойынша 502 іс-шара өткізді. Еріктілердің аймақтық фронт-офисі жұмыс істейді, ол жалпы үйлестірумен айналысады және еріктілер ұйымдарына ресурстық көмек көрсетеді. Бүгінде еріктілердің күш – жігері қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын.
Форумға БҰҰ Еріктілер бағдарламасының, Орталық Азия елдері еріктілер ұйымдарының өкілдері және "Ұлттық еріктілер желісі" заңды тұлғалар ұйымы қатысты. Олар волонтерлік ұйымдардың қызметі, азаматтық бастамаларды қолдаудағы корпоративтік жауапкершіліктің рөлі, экология, білім беру, денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік тақырыптарын талқылады.
Сондай-ақ форумда үздік еріктілер жобаларына гранттар, сертификаттар және белсенді еріктілерге алғыс хаттар табысталды. Волонтерлік қызметті қолдауға арналған гранттар конкурсының жеңімпаздары жеті волонтерлік ұйым болды. Жеңімпаздар арасында Taza Alem экологиялық жобасымен Абай ауданынан Ержан Рахметов бар.
- Біздің жоба қайталама шикізатты, біздің жағдайда қақпақтарды сұрыптауға бағытталған. Қайта өңдеу материалдарын тапсырудан алынған ақшаға әлеуметтік осал отбасыларға, сондай-ақ өмірлік жағдайы қиын отбасыларға арналған кеңсе тауарларын сатып алуды жоспарлап отырмыз. Абай мектептерінде контейнерлер орнатылады. Болашақта Абай ауданы бойынша осындай контейнерлерді орналастырғымыз келеді. Алынған қаражатқа контейнерлер, үстелдер, плакаттар және т. б. сатып алуды жоспарлап отырмыз, - деді Taza Alem жобасының үйлестірушісі Ержан Рахметов.
Іс-шара "интерактивті кафе" форматында өтті, онда қатысушылар халықаралық ұйымдар өкілдерінің жобаларымен таныса алды. Форумның бастамашысы Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы болды.



