#karaganda
Visit Karaganda Logo

ТИЦ Visit Qaraganda Мемлекет басшысының жолдауы аясында «Туристік маршруттар шеберханасын» өткізді.

ТИЦ Visit Qaraganda Мемлекет басшысының жолдауы аясында «Туристік маршруттар шеберханасын» өткізді.
Назад к новостям

Дайджест / События

17 декабря 2025 г.

ТИЦ Visit Qaraganda Мемлекет басшысының жолдауы аясында «Туристік маршруттар шеберханасын» өткізді.

1–5 желтоқсан аралығында онлайн форматында қатысушылар Қарағанды облысының жаңа туристік маршруттарын әзірлеу бойынша бірлесіп жұмыс істеді. Бағдарламаға өңірдің әлеуетін талдау, этно-, эко-, өнеркәсіптік және іс-шаралық туризм концепцияларын әзірлеу, логистика мен инфрақұрылымды пысықтау, контент пен болашақ маршруттардың визуалды тұжырымдамасын жасау кірді.

Қорытынды күні дайын маршруттық шешімдер мен оларды ілгерілету бойынша ұсыныстар таныстырылды. «Шеберхана» нәтижелері өңірдің туристік өнімдерін одан әрі енгізу мен дамытуға негіз болады.