2025 жылғы 2 желтоқсанда Экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері Туристік ақпараттық орталық «Visit Qaraganda» аясында оқу тәжірибесі үшін «Берекет» қонақүй кешеніне барды.

2025 жылғы 2 желтоқсанда Экономика, бизнес және құқық колледжінің студенттері Туристік ақпараттық орталық «Visit Qaraganda» аясында оқу тәжірибесі үшін «Берекет» қонақүй кешеніне барды. Сапар барысында студенттер қонақүйдің құрылымы мен жұмыс ұйымдастыруымен танысып, қызмет көрсету стандарттары, әкімшілік қызметтің рөлі, қонақтарды қабылдау ерекшеліктері және бөлме қорын басқару әдістері туралы ақпарат алды. Кешеннің қызметкерлері ішкі логистика, орналастыру қызметі, шаруашылық бөлімі жұмысы және қонақүй қызметкерлерінің кәсіби дағдылары мен сервистің сапасы талаптары жөнінде толық ақпарат берді
Іс-шара Жұмыс мамандықтары жылы аясында өтті және туризм саласының болашақ мамандарының практикалық білімін кеңейтуге бағытталды . Мұндай кездесулер теория мен практиканың байланысын нығайтып, жастарды ынталандырады және кәсіби таңдау жасауға көмектеседі.
Сапар студенттер үшін оқу тәжірибесінің маңызды бөлігі болып, қонақүй бизнесінің жұмыс істеу ерекшеліктерін нақты білуге және кәсіби құзыреттерін нығайтуға мүмкіндік берді
«Берекет» қонақүй кешенінің басшылығына және қызметкерлеріне жылы қабылдағандары, мазмұнды экскурсия ұйымдастырғандары және тәжірибелерімен бөліскендері үшін шын жүректен алғыс айтамыз!